Дайрабаев Әуесбаевпен бір сағат шай ішіп, түсіндіретін мәселе туралы айтты

11 Қараша 2022, 21:30
1211
Бөлісу:
Дайрабаев Әуесбаевпен бір сағат шай ішіп, түсіндіретін мәселе туралы айтты

ҚР президенттігіне кандидаттар арасындағы теледебаттың  екінші кезеңі өтіп жатыр, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Бағдарламаңызда дала демократиясы деп айтып жатырсыз. Дала демократиясының сіздің партияңызға қандай қатысы бар? Не үшін айттыңыз?, - деп қойды сұрағын үміткер Нұрлан Әуесбаев.

Жигули Дайрабаев мұны түсіндіру үшін Нұрлан Әуесбаевпен 1 сағат шай ішу керегін айтты.

Салт-дәстүр, қазақи әдет-ғұрып, үлкенді сыйлау  біздің бәріміздің иманымыз болуы тиіс. Міне осының бәрі дала демократиясына кіреді. Сондықтан біз ең алдымен санамен жұмыс істеуіміз керек. Әрбір қазақстандықтың жүрегінде иман болуы керек. Дала демократиясы осындан бастау алады, - деп қысқа қайырды Дайрабаев.

Еске салайық, қазір тікелей эфирде ҚР президенттігіне кандидаттардың теледебаты өтіп жатыр. 

Өзгелердің жаңалығы