Түркістанда құдалыққа жиналған қауым тарқатылды

17 Сәуір 2021, 02:22
1472
Бөлісу:
Түркістанда құдалыққа жиналған қауым тарқатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Түркістан облысының полицейлері құдалыққа жиналған қауымды тарқатты, деп хабарлайды zakon.kz.

Кезекті профилактикалық-рейдтік шараларды жүргізу барысында, жергілікті тұрғынның карантинге қарамастан сағат 15:10 шамасында Мақтаарал ауданының Мырзакент кентінің көшелерінің бірінде орналасқан тойханада 80-нен астам адамды жинап, құдалық тойын өткізіп жатқандығы анықталды.

Анықталған деректерге қатысты іс-құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау үшін СЭББ-ге жолданды. Түркістан облысы Полиция департаменті карантин режимі кезінде бекітілген талаптарды орындамай, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіретін азаматтар тиісті жазаға тартылатынын ескертеді.

Сондай-ақ құзырлы ведомства Бас санитарлық дәрігердің қаулысы талаптарын қатаң сақтап, бетперде тағу және арақашықтықты сақтауды еске салады.

Өзгелердің жаңалығы