Түркістанда көктемгі абаттандыру жұмыстары басталды

4 Наурыз 2024, 02:15
324
Бөлісу:
Түркістанда көктемгі абаттандыру жұмыстары басталды
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан қаласында көктемгі тазалық, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков қаланы автобуспен аралап, жұмыс барысын бақылады.

Демалысқа қарамай жұмыс істеп жатқан коммуналдық сала өкілдері 5 мыңдай көшет отырғызу жұмыстарын атқаруда.

Орталық маңызы бар 11 көшедегі үйлердің қасбеттері реттеліп, қала аумағында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуде.

Бекзат Саттарханов көшесіндегі 127 үйдің шатыры бірыңғай түске өзгертіліп, 1000 метрден астам қоршаулар сырланып, ретке келтіріліп жатыр. Бұл жұмыстарға 500-ден астам адам, 22 арнайы техника тартылған.

Түркі әлемінің туристік астанасы атанған Түркістан қаласы Наурыз мерекесіне дайындықты қазірден бастап кетті. Биыл шаһарда республикалық, халықаралық деңгейдегі іс-шаралар өтеді.

Өзгелердің жаңалығы