Түркістанда БҰҰ өкілдерінің қатысуымен жиын өтті

4 Мамыр 2022, 09:43
1255
Бөлісу:
Түркістанда БҰҰ өкілдерінің қатысуымен жиын өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістанда БҰҰ өкілдерінің қатысуымен жиын өтті, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары С.Қалқаманов, облыстық басқарма өкілдері, БҰҰ және ЮНФПА өкілдері қатысты. Басқосуда БҰҰ өкілдері әйел құқықтарын қорғау бағытында Түркістан облысы әкімдігінің тапсырысымен әзірленген стратегияға жоғары бағаларын берді. Сондай-ақ жиын барысында ана өлімі мен бала өлімі азайту және болдырмау бойынша ұсыныстар айтылды.

Түркістанда БҰҰ өкілдерінің қатысуымен жиын өтті

Талқыланған мәселелердің маңыздылығын атап өткен облыс әкімінің орынбасары С.Қалқаманов алдағы жоспарларды айтты. Сонымен бірге ол өңірде әйел құқықтары мен балаларды қорғау бағытындағы жұмыстар жалғаса беретінін мәлімдеді.

Балаларды жан-жақты дамыту үшін спорт, шығармашылық үйірмелерімен қамту жұмыстары жүргізілуде. Прокуратурамен де жұмыс белсенді. Жасөспірімдердің денсаулығы, дамуы біз үшін маңызды. Әйелдер қауымына арнайы ұсыныстар мен жобалар әзірленген. «Оқушылар сарайында» әйелдерге тегін қолөнер сабағы өткізіліп, олардың өзіне кәсіп ашуына жол ашылуда. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы әйелдердің кәсіпкерлікпен шұғылдануына қолдау көрсетіліп жатыр, – деді Сәкен Қалқаманов.

Жиында Қазақстандағы БҰҰ-ның тұрақты үйлестіруші Микаэла Фриберг-Стори: «Түркістандағы кесенені көру үлкен рухани сезім сыйлады. Ертең Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ге бару жоспары бар, сондай-ақ «Жастар орталығына» барамыз. Түркістан облысымен әріптестік жоғары деңгейде дамып келеді. Атқарылып жатқан жұмыстар көңілімізден шығады. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту мақсатымыз бар» дей келе өңірде ана құқығын қорғау аса маңызды екенін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы