Түркістанда азық-түлік дүкенінде дәрі-дәрмек сатылған

23 Шілде 2020, 17:53
1696
Бөлісу:
Түркістанда азық-түлік дүкенінде дәрі-дәрмек сатылған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дәрілер дүкен тоңазытқышында шұжық, жұмыртқа тәрізді заттармен бірге сақталған.

Түркістан қаласының прокуратурасы қалалық Полиция басқармасымен бірлесе Түркістан қаласындағы Б.Саттарханов даңғылы және Х.А.Яссауи көшесінің қиылысында орналасқан "Фиркан" азық-түлік дүкенінде тиісті лицензиясыз дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сату дерегін анықтады. 

Қол жеткізуі қиын дәрілік заттар (анальгин, гриппго, стрептоцид, терафлю, ампициллин, нолгрипп, нафтизин және басқада) дүкен тоңазытқышында шұжық, ірімшік, жұмыртқа және басқа да азық-түлік түрлерімен қоса сатылған.

Бұл дерек Түркістан қалалық Полиция басқармасының АТК-на тіркелді. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тәркіленіп, денсаулық сақтау нысандарына уақытша сақтауға тапсырылды.

Енді дүкен иесі "Заңсыз фармацевтикалық қызметпен айналысу" және "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы бойынша қағидаларды бұзу" баптарымен әкімшілік жауапқа тартылатын болады.

Өзгелердің жаңалығы