Түркістанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

2 Қараша 2020, 09:38
1733
Бөлісу:
Түркістанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласында ауыл шаруашылығы өнмдерінің жәрмеңкесі өтті. 

«Алтын бұлақ» автобекетінде өткен сауда алаңында Сайрам мен Төле би ауданы және «Түркістан» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен қала кәсіпкерлерінің өнімдері ұсынылды. Өнімдер нарықтағы бағадан 10-15% төмендетіліп саудаланды. 

Атап айтсанда, картоп - 90-100 теңге, пияз - 50 теңге, жылқы еті - 1800 теңге, сәбіз - 70 теңге, қырыққабат - 60-65 теңге, қауын-қарбыз, асқабақтың келісі - 50 теңгеден, сондай-ақ, жүзім 200 теңге, алма 120-200 теңге, қызанақ 70-100 теңге, қияр - 300 теңгеден саудаланды.

Жалпы жәрмеңке аясында 30 тоннадан астам өнім қойылды. 

Өзгелердің жаңалығы