Түркістанда 5 адам газдан уланып, қайтыс болды

27 Ақпан 2021, 21:20
3300
Бөлісу:
Түркістанда 5 адам газдан уланып, қайтыс болды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 27 ақпанда сағат 18.35-те Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне «103» қызметінен  Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйде көршілері 5 адамның, оның ішінде 4 кәмелеттік жасқа толмаған баланың мәйітін тауып алғаны туралы хабарлама түсті. 

Үй ішінде өрт болғаны байқалмайды. Үйде табиғи газбен жылыту жабдығы орнатылған, - деп мәлімдеді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли. 
уй1.jpeg

Оқиғаның мән-жайы анықталуда. ТЖД (6 қызметкер, 2 бірлік техника), ПД ( қызметкер, 4 бірлік техника), жедел-жәрдем бригадасы (3 маман, 1 бірлік техника),  «КазТрансГаз» АҚ (3 маман, 1 бірлік техника) мамандары оқиға орнына барды.

ТЖМ газ құралдарын пайдалану кезінде қарапайым қағидаларды сақтауға шақырады.


Өзгелердің жаңалығы