Түркістанда 356 трансформатор заңдастырылып, 144-і жөнделді

16 Наурыз 2022, 01:40
1461
Бөлісу:
Түркістанда 356 трансформатор заңдастырылып, 144-і жөнделді
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Былтыр Түркістанда144 трансформаторға жөндеу жүргізіліп, 10 трансформатор ауыстырылды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Одан бөлек 37 трансформатор орнатылып, оларды электр желісіне қосу жұмысы жүргізіліп жатыр. 30 дана жаңа трансформатор алынып, қажеттілік туындаған жағдайда ауыстыру жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған.

Бүгінде қосымша 10 трансформаторға мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Биыл жаңадан қоныстанған тұрғындарды сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету жобасы әзірленіп, сараптамаға ұсынылды. Жоба аясында қала аумағындағы электр желілерін кабельге ауыстыру және барлық абоненттерді заманауи есептегіш құралымен қамту көзделген.

Қала аумағындағы тозығы жеткен электр желілерін ауыстыру, трансформаторлар мен бағаналарды ауыстыру жұмыстары да жүйелі. Негізгі көшелердің желілерін заман талабына сай кабельді желіге ауыстыру 4 жоба аясында жасалуда. Қазіргі таңда коммуналдық меншіктердегі 356 трансформатор заңдастырылды. 1655 шақырым электр желілерін құжаттандыру процессі жүргізілуде. Арнайы жүргізілген тексеріс жұмыстары арқылы қала аумағында иесіз 22 электр желісі, 11 трансформатор анықталған. Осы нысандар заңға сәйкес коммуналды меншікке алынады, – делінген хабарламада.

Жалпы облыс орталығы атанғалы бері Түркістан қаласының инфрақұрылымы заман талабына сай жаңғыртылды. Газбен, сумен, сапалы электр қуатымен қамтуы ісі жанданды.

Өзгелердің жаңалығы