Түркістанда 1 тәулікте 5516 адам вакцина қабылдады

15 Қазан 2021, 19:27
7931
Бөлісу:
Түркістанда 1 тәулікте 5516 адам вакцина қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында 939515 адам екпе қабылдады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Өңірде өз еркімен соңғы тәулікте 5516 адам вакцина қабылдаған. Облыста екінші компонентпен 834588 адам вакцина алды. Бүгінде облыс тұрғындары Спутник V, QazVac, CoronoVac және Sinopharm вакциналарын қабылдай алады.

Соңғы тәулікте Түркістан облысында 43 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,29% құрайды. Жалпы облыста пандемия белең алағалы 1 067 157 мыңға жуық ПТР-сынамалары алынған. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 930 орын бар. Жалпы пандемия басталғалы инфекциясы расталған 14 764 жағдай тіркелді. Олардың 7509-ында ауру симптомсыз өткен болатын, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Түркістан обылысы жасыл аймақта.

Өзгелердің жаңалығы