Түркістан тұңғыш рет садақ атудан ел чемпионатын қабылдады

17 Ақпан 2022, 10:27
1480
Бөлісу:
Түркістан тұңғыш рет садақ атудан ел чемпионатын қабылдады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан тұңғыш рет садақ атудан ел чемпионатын қабылдады, деп хабарлады облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Түркістан қаласындағы «OLYMPIC CENTER» спорт кешенінде садақ атудан ересектер арасында Қазақстан чемпионаты басталды. Ең тәжірибелі мергендер сайысына еліміздің барлық өңірінен іріктелген 10 команда, 250-ге жуық құралайды көзге атқан мерген жиналып, мықтыны анықтауда.

Түркістан тұңғыш рет садақ атудан ел чемпионатын қабылдады

Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарында талай мергендерді танытқан бұл спорт түріне соңғы кездері қаракөздеріміздің арасында қызығушылық артып отыр. Жарыстың бас төрешісі Ольга Нидің айтуынша, биылғы Қазақстан чемпионатына ұлттық құрама мүшелері түгел қатысып жатыр.

Түркістан тұңғыш рет садақ атудан ел чемпионатын қабылдады

Қазақстан чемпионатының ашылу салтанатында Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев пен ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің садақ ату бөлімінің басшысы Еділ Темірбеков спортшыларымызға сәттілік тіледі. Сонымен қатар Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры, Түркістан облыстық садақ ату, арбалет және дартс федерациясының президенті Жанар Темірбаева да мергендерге қолдау көрсетті.

Түркістан тұңғыш рет садақ атудан ел чемпионатын қабылдады

Жарыстың жеңімпаздары 13-20 наурыз аралығында Тайланд елінде өтетін кезекті Азия кубогінде Қазақстанның намысын қорғайды.

Өзгелердің жаңалығы