Түркістан қаласында трансформаторларды жаңарту жұмысы жалғасады

22 Сәуір 2023, 08:25
1048
Бөлісу:

Түркістан қаласында жалпы саны 1300-ге жуық трансформатор бар. 2021-2022 жылдары жаңа 95 трансформатор қойылды. Сондай-ақ 100 трансформаторға жөндеу, жаңарту жұмыстары атқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биыл аталған сала бойынша 46 жаңа трансформатор қою жоспарланып отыр.

Жыл басынан бері жоспар аясында 8 жаңа трансформатор қойылып, 20 трансформаторға жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Түркістан қаласында 34 937 абонент сапалы электр қуатымен қамтылған (орташа сағат тұтыну -48,8МВТ). Бұл пайыздық көрсеткішпен есептегенде 94,7% құрайды.

2023 жылғы жоспарға сәйкес, аталған көрсеткішті 95,2% арттыру көзделген. Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін бүгінде 4 нысанда құрылыс жұмыстары қарқынды атқарылуда. Оның бір нысанында жеке тұрғын үйлерді сапалы электр қуатымен қамту жүргізілсе, 3 нысанда әуе электр желілері кабельдік желіге ауыстырылуда, - делінген әкімдіктің мәліметінде.

Жеке тұрғын үйлерге арналған нысан құрылысы аяқталғанда 9929 абонент электр қуатымен қамтамасыз етіледі.

Өзгелердің жаңалығы