Түркістан қаласы: Шауғарда 900 орындық мектеп салынады

7 Наурыз 2023, 07:09
927
Бөлісу:
Түркістан қаласы: Шауғарда 900 орындық мектеп салынады
Фото: aikyn.kz

Түркістан қаласы «Шауғар» секторының Әлімтау көшесінде 900 орындық мектеп салу жоспарланған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шаһар басшысы «Жайлы мектеп» жобасымен облыс орталығында 9 мектептің құрылысы жүретінін айтты. 

Сонымен қатар, қала әкімі мен тұрғындардың кездеуінде қоғамдық көлікке қатысты бірқатар сауалдар қойылды.

Қалада қордаланған мәселелердің бірі – қоғамдық көлік. Жалпы, қазіргі таңда жұмыс жасап тұрған 21 бағыт бар. Мәселені толық шешу үшін әлі де 220 автобус қажет. Былтыр 86 қоғамдық көлік алынды. Биыл тағы жаңа автобустар қосылады. Тек аталған жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылады, – деді қала басшысы өз сөзінде.

Өзгелердің жаңалығы