Түркістан: Президент паркіндегі жасанды көлде алғашқы жарыс өтті

26 Сәуір 2022, 20:25
1713
Бөлісу:
Түркістан: Президент паркіндегі жасанды көлде алғашқы жарыс өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Былтыр пайдалануға берілген Президент паркіндегі жасанды көлде ҚР триатлоннан ашық кубогы өтті.

Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, Қазақстан Триатлон федерациясының ұйымдастыруымен өткен жарыс екі күнге созылды.

Түркістан: Президент паркіндегі жасанды көлде алғашқы жарыс өтті

Президент саябағындағы жасанды көлде триатлонның спринт түрінен 750 метр қашықтыққа жүзген спортшылар Б.Саттарханов даңғылымен велосипедпен 20 шақырым жүріп өтті. Ары қарай "Отырар" шағынауданы аумағында 5 шақырым жүгіру нормасын орындады.

Түркістан: Президент паркіндегі жасанды көлде алғашқы жарыс өтті

 Атап өтейік, 38 га аумақты алып жатқан Президент паркінде қазіргі таңда түрлі қылқанжапырақты ағаш түрлері отырғызылып, газон төселген.

Түркістан: Президент паркіндегі жасанды көлде алғашқы жарыс өтті

7 балалар ойнайтын алаңша мен орындықтар орнатылып, бұталар мен гүлдер егілген. Саябақ ортасында орналасқан жасанды көлде түрлі су спорты жарыстарын өткізуге болады.

Өзгелердің жаңалығы