Түркістанда той өткізгендер жазаланды

5 Қараша 2020, 13:23
1522
Бөлісу:
Түркістанда той өткізгендер жазаланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы аумағында санитарлық және шектеу шараларын елемейтін азаматтардың саны азаймай отыр.

Құқықбұзушылар үйлену және отбасылық іс-шараларды өткізу арқылы шақырылған туыстары мен қонақтарды, жақындарының денсаулығын қауіп қатер келтіруде.

Түркістан облысының орталығында Түркістан ЖПҚ ҚПБ қызметкерлері жергілікті тұрғындардың бірінің карантин шараларын бұзу жайтын анықтады. Рейдтер барысында мейрамханалар, кафелер мен басқа да адамдар көп жиналатын орындарды тексеру кезінде полиция қызметкерлері өткізіліп жатқан тойды тоқтатты. Осыдан соң үйлену тойының ұйымдастырушыларымен және қатысушыларымен тәртіп сақшылары түсіндіру әңгімелерін жүргізіп, қонақтарды тойханадан таратты, - деп хабарлады Түркістан облысы ПД-нің баспасөз қызметі.

Тойхана әкімшісі мен той ұйымдастырушысына қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу" бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Жиналған материалдар заңды шешім қабылдау үшін тиісті органдарға жіберілді.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға коронавирустық инфекцияға байланысты енгізілген карантиннің санитарлық-эпидемиологиялық шараларын міндетті түрде қатаң сақтауды ескертеді. 



Өзгелердің жаңалығы