Түркістан облысының полиция қызметкерлері бірнеше тұрғынды алдаған алаяқты ұстады

22 Желтоқсан 2020, 12:58
1477
Бөлісу:
Түркістан облысының полиция қызметкерлері бірнеше тұрғынды алдаған алаяқты ұстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының полиция қызметкерлері бірнеше тұрғынды алдаған алаяқты қамауға алды.

Кентау ҚПБ-не жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленуші азаматтың айтуынша, оған өзінің танысы 15 соттық 4 жер телімін алып беретінін айтқан. Содан танысының  сөзіне сеніп 1 800 000 теңге ақша берген. Алайда осы уақытқа дейін не жер телімін, не ақшасын қайтарып ала алмаған.  Аталған жайтты  полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті азаматтың жеке-басын анықталып, жергілікті мекен-жайынан ұстап ПБ-не жеткізді. 

Сондай-ақ тергеу барысында күдіктінің осындай алаяқтықпен тағы 8 тұрғынды алдап жүргені анықталды. Тіпті олардың кейбіреулеріне жалған құжат дайындап беріп, әрқайсысынан ақша алып отырған. Жәбірленуші азаматтардың бірі заңсыз жер телімін алып, үй құрылысын бастап кеткен. Осыған байланысты соттан мемлекеттің жерін заңсыз иеленгендігі бойынша айыппұл келгеннен кейін құжаттардың жалған екенін, өзінің алданғанын білген. 

Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 3,5 миллион теңгеге жуық. Арбауына түсіріп, алаяқтықпен тұрғындарды сан соқтырып кеткен күдіктінің ісімен бүгінгі таңда тергеушілер тиянақты  жұмыс жүргізуде. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды. 

Өзгелердің жаңалығы