Түркістан облысының полицейлері ауласында есірткі еккен екі тұрғынды ұстады

29 Маусым 2021, 22:14
3149
Бөлісу:
Түркістан облысының полицейлері ауласында есірткі еккен екі тұрғынды ұстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қалалық ПБ-ға хабарлама келді. Ол жергілікті тұрғындардың өз үйіне есірткі затын егіп, өсіріп, заңсыз есірткі саудасымен айналысып жүргенін көрсетеді. Түскен хабар бойынша жеделдетіп іске кіріскен полиция қызметкерлері ауласына есірткі затына ұқсас өсімдікті өсірген жергілікті екі тұрғынды ұстады. 

Бұл туралы облыстық ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады. 

Полицейлер анықтағандай, күдіктінің бірінің ауласынан 4 дана, бірінен 8 дана  «сора» есірткі затына ұқсас өсімдікті тамырымен бірге топырақтан шығарып, заттай дәлел ретінде алды. 

Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 300-бабы («Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда осы оқиғаға байланысты сот сараптамасы тағайындалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының тәртіп сақшылары тыйым салынған өсімдіктерді өсіру, заңсыз есірткі саудасымен айналысу, жалпы есірткіге қатысы бар жайттар заң алдында қатаң жазаға тартылатынын ескертеді. 

Өзгелердің жаңалығы