Түркістан облысында жыл басынан 40 көкпар тоқтатылды

10 Наурыз 2021, 15:27
1834
Бөлісу:
Түркістан облысында жыл басынан 40 көкпар тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында тәртіп сақшылары жыл басынан бері 40 көкпар ойынын анықтап, тоқтатқан, деп хабарлады Polisia.kz. 

Түркістан облысында жыл басынан бері карантин режимін бұза отырып, ұлттық спорт түрі, көкпар өткізудің 40 жайты анықталған. Аталған жайттарды рейд барысында анықтаған полицейлер, тиісті шара көрілу үшін қажетті құжаттарды жинақтап, СЭББ-ға жолдауда. 

Дегенмен карантиндік шектеу шараларын елемейтін азаматтардың саны азаймауда. Соның салдарынан халықтың денсаулығына қауіп келуде. Осындай адамдар тобын көптеп жинап, көкпар өткізудің кезекті жайты Төлеби ауданында анықталды. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Абай ауылдық округіне рейдтік тексеру жұмыстарын жүргізді.

 Нәтижесінде Абай ауылы маңында 120-ға жуық адамның қатысуымен өткізіліп жатқан “Бата көкпар” тоқтатылып, полиция қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Көкпарға жиналған халық бірден тарқатылды. 

Көкпарды ұйымдастырушы Төлеби ауданының тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-бөлімімен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) материалдар жинақталып, әкімшілік хаттама толтыру үшін СЭББ-ға жіберілді, - делінген хабарламада.

Нәтижесінде құзырлы органмен тұрғынға 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды.


Өзгелердің жаңалығы