Түркістан облысында жол ережесін өрескел бұзған түлектер кортежі анықталды

Жол ережесін өрескел бұзған түлектер ұсталды.

Бүгiн 2026, 10:26
АВТОР
 видеодан скриншот Бүгiн 2026, 10:26
Бүгiн 2026, 10:26
212
Фото: видеодан скриншот

Полиция мониторинг барысында Кентау қаласында бітіруші түлектердің заңсыз автошеру ұйымдастырғанын анықтады.

Оқиға бойынша жүргізілген тексеру нәтижесінде BMW, Toyota, Mercedes-Benz, Changan, Chevrolet және Hyundai көліктерінің жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзғаны белгілі болды. Атап айтқанда, жолаушыларды тасымалдау қағидаларын сақтамау, қауіпсіздік белдігін тақпау және маневр жасау талаптарын бұзу деректері тіркелді.

Аталған құқық бұзушылықтар бойынша жүргізушілерге қатысты әкімшілік шаралар көріліп, көліктер айыптұраққа қойылды. Полиция қызметкерлері түлектер мен олардың ата-аналарына жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау және заң талаптарын қатаң орындау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Полициясының жедел әрекеттерінің нәтижесінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу қамтамасыз етіліп, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларға жол берілген жоқ, - деп хабарлады Түркістан оьлысының ПД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін соңғы қоңыраудағы тікұшақ, қымбат көліктерге қатысты Жаңаөзенде полиция тексеру жүргізіп жатқаны хабарланды

Тағы оқи отырыңыздар: 

"Рассрочкаға" гүл: Алматыда 21 ата-ана жауапқа тартылды

Оралда той кортежінде ереже бұзғандарға айыппұл салынды

"Кері бағытта жүрген кортеж": Ақтөбеде жүргізушілер жауапқа тартылды

Наверх