Түркістан облысында заңсыз жер қойнауын пайдалану фактісі анықталды

14 Қараша 2023, 19:12
685
Бөлісу:
Түркістан облысында заңсыз жер қойнауын пайдалану фактісі анықталды
Фото: Polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері заңсыз жер қойнауын пайдалану фактісін анықтады, келтірілген залал шамамен 32 миллион теңгені құрайды, деп хабарлайды BAQ Polisia.kz сілтеме жасап.

Заңсыз жер қойнауын пайдалану фактілеріне жол бермеу жөніндегі тапсырмаларды орындау мақсатында Түркістан облысының полиция департаментінде тәжірибелі полицейлер қатарынан арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.

Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралар кешенін өткізді.

Нәтижесінде тәртіп сақшылары Жетісай ауданының аумағында заңсыз жер қойнауын пайдаланумен айналысқан Түркістан облысы мен Шымкент қаласының 4 тұрғынын анықтады.

Олардан 1 жүк тиегіш және Хово 12 жүк автокөлігі тәркіленді. Автокөліктер тұраққа қойылды.

Қазіргі уақытта олардың құмды заңсыз өндіруге қатысы бар екендігі дәлелденді, ал келтірілген шығын шамамен 32 миллион теңгені құрады.

Бүгінде ҚР ҚК-нің 334-бабы 2-бөлігі (Жер қойнауын өз бетінше пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы