Түркістан облысында үшем дүниеге келді

14 Маусым 2022, 23:23
1633
Бөлісу:
Түркістан облысында үшем дүниеге келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының №2 перинаталдық орталығында 23 жастағы келіншек үшемді дүниеге әкелді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әйелдің толғағы мерзіміне жетпей басталғандықтан жедел ота жасалды.

Жас ана №2 облыстық перинаталдық орталығында үш қызды босанды.

Жаңа туған нәрестелерге Райана, Разия, Райхана есімдері берілді. Нәрестелердің салмағы 1910 гр, 1950 гр және 2120 гр болды, – деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Мерзімінен ерте туылған үшемдер перинаталдық орталық дәрігерлердің бақылауына алынған.

Өзгелердің жаңалығы