Түркістан облысында «трамадолды» заңсыз сақтағандар анықталды

17 Сәуір 2023, 08:20
938
Бөлісу:
Түркістан облысында «трамадолды» заңсыз сақтағандар анықталды
Фото: 24.kz

Түркістан облысында тыйым салынған дәрілік заттарды сату дерегі тыйылмай тұр. Бір аптаның ішінде «Трамадолды заңсыз сақтаудың 6 дерегі анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның 4-уі Сарыағаш ауданында, қалған екеуі Түркістан қаласы мен Шардара ауданында тіркелді. Қазіргі уақытта осы істер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілерден «Трамадол» препаратының 30-дан астам дәрісі тәркіленді.

Бұған дейін бұл препарат дәріханада сатылатын еді. Қоғамның қарсылығынан кейін, Үкімет құрамында психотроптық заттары бар «Трамадол», «Кетамин», «Этизолам» дәрілік препаратын есірткі заттарының тізіміне енгізді.

Дәл осы трамадолдан нашақорлық басталады. Оған тәуелді болған адамды бірден анықтау қиын. Жастардың трамадолды пайдаланбас үшін сұхбаттасып, араласатын ортасын біліп, немен шұғылданады, кіммен сөйлеседі? Түнгі уақытта үйден тысқары шықпауын қадағалаған жөн. Ал егерде осы дәріні пайдалану, не қолдану, сату жағдайлары туралы білетін болса, әрбір азаматқа полицияның 102 нөміріне хабар беруін сұранамыз. Анықталған жағдайда ҚР ҚК 296 бабымен іс қозғалатын болады, - деп мәлімдеді облыстық ПД ЕҚҚІҚБ бастығының орынбасары Мади Қожамұратов.

Өзгелердің жаңалығы