Түркістан облысында төрт көлік соқтығысты

20 Қыркүйек 2023, 22:08
756
Бөлісу:
Түркістан облысында төрт көлік соқтығысты
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында сиыр жолға шығып, салдарынан жол-көлік оқиғасы болды. Бұл туралы BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістан облысы Сауран ауданындағы Шымкент – Самара тас жолында 19 қыркүйек күні сағат 21:30 шамасында жол-көлік оқиғасы болды. Оқиға орнына тез арада Сауран аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция қызметкерлері шықты. Тексеру кезінде Toyota Estima 7 орындық автокөлік жолға шығып кеткен сиырмен соқтығысқаны анықталды. Осыдан кейін көмек көрсету үшін оның жанына Audi автокөлігі тоқтаған. Осы сәтте олардың соңынан келе жатқан Нуundaі Santa fe және Xonda Elysion көліктері соқтығысады.

Адам шығыны жоқ, тек автокөліктерге материалдық шығын келген. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Estima жүргізушісі мен жолаушыларға жергілікті жерде медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді. Қазіргі уақытта жауапкершілікке тарту үшін мал иесін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр, - делінген мәліметте.

Өзгелердің жаңалығы