Түркістан облысында студент қызды өлтірді деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
6 маусым күні таңғы сағат 07:05 шамасында Түркістан облысы, Ордабасы ауданына қарасты Төрткүл ауылында колледж студентінің мәйіті табылды.
Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.