Түркістан облысында шетелдік ауыр жүк көлігі жанып кетті

10 Сәуір 2022, 11:27
1899
Бөлісу:
Түркістан облысында шетелдік ауыр жүк көлігі жанып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейден Тәжікстанға шыққан ауыр жүк көлігі Түркістан облысында жүгімен бірге өртеніп кетті, деп хабарлайды Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға түнгі сағат 21:00 шамасында болған. Бәйдібек аудандық полиция бөліміне Самара-Шымкент тасжолының 73-шақырымында, яғни Жиенқұм ауылының маңында жүк көлігінің жанып жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына барған тергеу тобы алғашқы көмек көрсетіп, мән-жайды анықтапты. 

«Аталған жайт Бәйдібек аудандық полиция бөлімінде тіркелді. Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтау үстінде. Әзірге, тәжікстандық азаматтың басқаруындағы «Вольво» маркалы ауыр жүк көлігінің тіркеме баллоны тұтанғаны белгілі болды. Өрт дер кезінде өшірілмегендіктен тұрмыстық техникасымен бірге толықтай жанып кеткен»,- делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Материалдық залал келгенімен, адам шығыны жоқ. Жүргізуші өзімен бірге көліктің құжаттарын алып үлгерген. 

 

Өзгелердің жаңалығы