Түркістан облысында Республикалық «TAU FEST» лагері өтті

4 Қазан 2023, 06:34
464
Бөлісу:
Түркістан облысында Республикалық «TAU FEST» лагері өтті
Фото: gov.kz

Іс- шараға Республикамыздың Шымкент, Астанк қалалары мен Қызылорда, Жамбыл, Жетісу, Түркістан облыстарынан келген қонақтар 3 күн ішінде диалог алаңдары және оқыту сессияларына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

“Әділетті жастар- Ел ертеңі” диалогтық алаңына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттары Елнұр Бейсембай, Мақсат Толықбай, Максим Рожин және Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің басқарма басшысы Есекеева Мансия қатысты.

Диалогтық алаң барысында жастар өз ұсыныстарын айтып, сұрақтарына жауап алды.

Бұдан бөлек лагерьде түрлі сессия жұмыстарына Түркістан облысы мемлекеттік басқару академиясының филиал директоры Айнұр Маратовна, Жастар ресурстық орталығы әдіснамалық басқару кеңесшісі Кайдарова Торгын, Қазақстан студенттер альянсі төрағасы Наукен Ұлан өз саласында сөз қозғады.

Өзгелердің жаңалығы