Түркістан облысында еліміздегі алғашқы мұнай-химия комбинаты іске қосылады

11 Желтоқсан 2020, 17:28
1941
Бөлісу:
Түркістан облысында еліміздегі алғашқы мұнай-химия комбинаты іске қосылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Ордабасы ауданында «Кәсіпкерлікті қолдау картасы» бағдарламасы аясында Қазақстанда теңдесі жоқ мұнайды терең өңдейтін 2 жоба жүзеге асырылмақ. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Олар мұнай химиясымен және көмірхимиялық комбинат өнімдерін өндірумен айналысатын болады.

Түркістан облысында еліміздегі алғашқы мұнай-химия комбинаты іске қосылады

Соның бірі инвестициялық құны 95 млрд теңге болатын «Standart Petroleum & Co» ЖШС. Серіктестік іске қосылғанда 800-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады. Мекеме басшылары АИ-92, АИ-95 маркалы бензин өндіріп қана қоймай, мұнайды терең өңдеу арқылы бензол, толуол, қышқыл, төмен қысымды полиэтилен, нафталин сынды өнімдер шығаруды жоспарлап отыр. Одан бөлек, зауытта сағатына 35 мВт электр энергиясы да өндірілетін болады.

Түркістан облысында еліміздегі алғашқы мұнай-химия комбинаты іске қосылады

Ал, «Стандарт Ресурсис» ЖШС фенол, нафталин, антрацен майы, мазут өндірумен айналысады. Зауыт жылына 30 мың тонна тас көмірді өңдеуге қауқарлы. Мұнда 60 азамат тұрақты жұмыс орнымен қамтылатын болады. Жобаны іске асыру үшін 1,5 млрд теңге көлемін инвестиция тартылуда.

Айта кетейік, бұл жобалардың негізгі мердігері - «ЭТН Циклон» компаниясы.

Өзгелердің жаңалығы