Түркістан облысында ел аумағына заңсыз кіріп кеткен шетелдіктер ұсталды

12 Шілде 2021, 22:40
2777
Бөлісу:
Түркістан облысында ел аумағына заңсыз кіріп кеткен шетелдіктер ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз кіріп кеткен шетелдіктер ұсталды.

Сарыағаш АПБ-ның полиция қызметкелері аудан аумағындағы шетелдіктердің тиісті құқық тәртібін қамтамасыз ету, заңсыз келген және осында тұрып жатқан шетелдіктерді, оған қоса заңсыз көші-қон арналары мен оларды ұйымдастырушыларды анықтау, Қазақстан Республикасы аумағына келу, болу, кету ережелерін сақтау мақсатында жедел-профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп отырады. 

Осындай шара барысында Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылында орналасқан айналма тас жолы арқылы ҚР-ның аумағына заңсыз кіріп кеткен 2 Өзбекстан Республикасының азаматын анықтады. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 392-бабы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту» бойынша СДТТБТ-ға тіркеді. 

Полиция қызметкерлерінің жүргізген жедел-профилактикалық шараларының нәтижесінде аталған  азаматтар Алматы қаласында жұмыс жасау мақсатында жүргендері анықталып, Сарыағаш АПБ-ға жеткізілді. Қазіргі таңда күдіктілер қамауға алынып, аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. 

Өзгелердің жаңалығы