Түркістан облысында екі көлік соқтығысып, өртеніп кетті

16 Наурыз 2024, 20:33
602
Бөлісу:
Түркістан облысында екі көлік соқтығысып, өртеніп кетті
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында жеңіл автокөлік пен "Зил" маркалы жүк көлігі соқтығысты. Оқиға бүгін 16 наурызда күндізгі уақытта болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүк көлігінің кабинасы жанып кетті. Өрт сағат 16.10-да сөндірілді.

Оқиға орнына облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 10-ға жуық адам және 3 техника жұмылдырылды.

Зардап шеккендер жоқ.

Өзгелердің жаңалығы