Түркістан облысында 34 миллионның жарамсыз дәрісі тәркіленді

26 Қараша 2020, 07:45
1690
Бөлісу:
Түркістан облысында 34 миллионның жарамсыз дәрісі тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында аса ірі көлемде контрабанда жолы кесілді. Есірткіге қарсы күрес басқармасы мен Сарыағаш аудандық полицейлері дәрі-дәрмекке толы жүк көлігін анықтап отыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Машина толы 254 қорапқа салынған препараттардың жалпы құны – 34 миллион.

Тауардың Өзбекстан азаматына тиесілі екені анықталды.

Құжаты жоқ дәрі-дәрмектің жарамдылық мерзімі де өтіп кетіпті. Жүргізушінің айтуынша, Сарыағаштан Түркістан қаласына дейін апаруға Шымкент тұрғынымен келісіпті. Тауардың Өзбекстан азаматына тиесілі екені анықталды. Тәркіленген дәрі-дәрмек ішінде бисокодил, бисептол, кетонал және басқалары  болған. Енді зияны болмаса, пайдасы жоқ медициналық препараттардың көзі жойылады. 

Дәрі-дәрмекті Ресей Федерациясынан Өзбекстанға алып бара жатқан. Пайдалану уақыты да өтіп кеткен. Қазір Сарыағаш АПБ-да тіркелді, тексеру жалғасуда, - деді Түркістан облысы ПД баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова. 


Өзгелердің жаңалығы