Түркістан облысында 11 мың адам екпе алды

19 Наурыз 2021, 17:40
1714
Бөлісу:
Түркістан облысында 11 мың адам екпе алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында 11 мың адам өз еркімен вакцина қабылдады. Олардың 9113-і медицина мамандары болса 1147-і білім саласының қызметкері, 399-ы күштік құрылым маманы салдырған. Қазір ковидке қарсы екпе алған азаматтар дәрігерлердің бақылауында.

Жалпы 1 ақпаннан бастап өңірге Спутник-V вакцинасының 12 мың дозасы жеткізілген. Бұрын қол жеткізілген келісімдер негізінде Қарағанды фармацевтикалық кешені вакциналарды жеткізуді жүзеге асыруда. 

Түркістан облысы бойынша соңғы тәулікте КВИ жұқтырған 13 жағдай, вирустық пневмониямен 5 жағдай тіркелген. Нәтижесінде облыстағы апталық аурушаңдық динамикасы нормадан асып, 1,7-ке жеткен. 

Пандемия басталғалы барлығы КВИ дің 4385 жағдайы тіркелді, оның 2816 симптомсыз өтті. Стационарларда 1694 адам емделді. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 610 орын бар, олардың 512-сы бос, - делінген хабарламада.

Түркістан облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Түркістан облысы тұрғындарының 45-50 пайызына вакцина салу жоспарланған. Бұдан басқа, кейіннен халықтың қосымша осал топтарын қоса отырып, контингентті кеңейту көзделуде. 

Қазақстанда жұқпалы ауруларға, оның ішінде коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация тегін, ерікті түрде және вакцинациялауға ниет білдірген адамның ақпараттандырылған келісімімен жүргізіледі. Коронавирусқа қарсы иммундау ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасады. Вакцинация коронавирустың одан әрі таралуына жол бермей, қатаң локдаун енгізубеудің жалғыз баламасы болып табылады.

Өзгелердің жаңалығы