2026 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстанда 1926 егіз және 54 үшем дүниеге келді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының мәліметінде айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Статистикаға сәйкес, осы кезеңде елімізде төртем дүниеге келу жағдайлары тіркелмеген.
Егіздер саны бойынша Түркістан облысы көш бастады. Өңірде төрт ай ішінде 263 егіз дүниеге келген. Бұл көрсеткіш бойынша Алматы қаласы екінші орында тұр – мұнда 245 егіз тіркелген. Үшінші орында Алматы облысы орналасқан, өңірде 175 егіз туған.
Үшемдердің дүниеге келуі бойынша Түркістан облысы, Атырау облысы және Шымкент қаласы алдыңғы қатарда. Әр өңірде үшем туған үш отбасы тіркеліп, жалпы саны тоғыз нәресте өмірге келген.
Жалпы алғанда, 2026 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстанда 99,4 мың сәби дүниеге келді.
Туу көрсеткішінің ең жоғары деңгейі Түркістан облысында тіркелді. Мұнда әр мың тұрғынға шаққанда туу көрсеткіші 19,75-ті құрады.
Екінші орында Шымкент қаласы орналасқан. Қаладағы туу көрсеткіші мың тұрғынға шаққанда 19,39 болды.
Ал үздік үштікті Маңғыстау облысы түйіндеп отыр. Өңірде әр мың тұрғынға шаққандағы туу деңгейі 19,28-ге жеткен.