Түркістан автопаркі 10 жаңа автобуспен толықты

7 Сәуір 2021, 07:32
2105
Бөлісу:
Түркістан автопаркі 10 жаңа автобуспен толықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласына тағы да жаңадан SAZ LЕ-60 маркалы 10 автобусы  жеткізілді. Жалпы Түркістан қаласына алдағы екі айда 20 автобус келеді деп күтілуде. Бүгінде қоғамдық көлік бағытын кеңейту жұмыстары қолға алынуда, деп хабарлайды облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жаңа автобустар №18 бағыттағы «Тұран ауылы – Әкімшілік іскерлік орталығы – Түркістан автовокзалы» автобус бағыты қаланың Тұран ауылы тұсынан бастау алып, жаңа «Түркістан автовокзалы аралығында (Қазыбек би көшесі, Б.Саттарханов даңғылы арқылы) қатынайтын болады.

Сонемен қатар, қоғамдық көліктің кешігуі, жүргізушілердің дөрекі сөйлеуі және басқа да жайттар орын алса, 109 байланыс нөміріне хабарласуға болады.  

Айта кетейік, жақында дәл осындай үлгіде 20 автобус әкелінген болатын. Көлік сыйымдылығы 25 адамды тасымалдауға лайықталған. Желдеткіш пен чемоданға арналған пандусы, электронды билет беру және үш бейнебақылау құрылысымен жасақталған.

Өзгелердің жаңалығы