Түркі мемлекеттері ұйымы елдеріне бірлескен ғарыш жобалары іске қосылуы мүмкін

Ғарыш саласы – түркі мемлекеттерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі факторлардың бірі.

 Ақорда Бүгiн 2026, 17:33
Бүгiн 2026, 17:33
195
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ғарыш саласын бірлесіп дамытуға жеткілікті ғылыми және технологиялық әлеуеті бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Түркістанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде айтты.

Оның айтуынша, түркі елдері спутниктік байланыс, навигация және мониторинг бағыттарында ортақ жобаларды жүзеге асыруы қажет.

Ғарыш саласы – түркі мемлекеттерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі факторлардың бірі. Бұл бағытты жүйелі дамыту үшін елдеріміздің ғылыми, технологиялық және қаржылық әлеуеті жеткілікті. Әсіресе спутниктік байланыс, навигация және мониторинг салаларында бірлескен жобаларды іске асыру қажет. Бұл біздің интеграциямызды нығайтады. Сондай-ақ технологиялық тәуелсіздігімізді күшейтіп, инновацияны дамытуға мүмкіндік береді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салайық, Түркістанда Қасым-Жомарт Тоқаев пен түркі мемлекеттері көшбасшыларының қатысуымен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтіп жатыр

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бірге Түркістандағы жаңа мешітті аралап көрді.

Президент Қазақстанда «Digital Qazaqstan» ауқымды стратегиясы бекітілетінін айтты. 

Тоқаев Turkic AI орталығы ашылатынын хабарлады

Саммитте Түркі тілдеріне ортақ терминологиялық база жасалатыны айтылды. 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде шетелдік кәсіпкерлерге, инвесторларға және білікті мамандарға арналған «алтын виза» енгізудің себебін түсіндірді.

Наверх