Туризм және спорт министрі тағайындалды

2 Қыркүйек 2023, 13:26
1583
Бөлісу:
Туризм және спорт министрі тағайындалды

Ермек Маржықпаев Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Ол бүгінгі күнге дейін Ақмола облысының әкімінің міндетін атқарған болатын.

Туған жылы: 1969 жылы 29 тамыз

Туған жері: КСРО Целиноград қаласында дүниеге келдi.

Білімі: 1994 жылы С. Сейфуллин атындағы Целиноград педагогикалық институтын,

2001 жылы «Тұран» университетiн,

2009 жылы Көкшетау университетiн тәмамдаған. Тарих пәнiнiң мұғалiмi, заңгер, қаржы бакалавры.

1991-1992 жылдары дене шынықтыру пәнiнiң мұғалiмi, бокс жаттықтырушысы, орта мектепте тарих пәнiнiң мұғалiмi ретiнде бастады.

1992-1995 жылдары «Шон» ШЖК директоры лауазымына тағайындалды.

1995-2008 жылдары «Береке-Бурабай» ШЖК (ЖШС) бас директоры қызметiн атқарды.

2007-2009 жылдары Ақмола облыстық мәслихатының депутаты болды.

2008-2012 жылдары Аршалы ауданының әкiмi,

2012-2013 жылдары Ақмола облысы Зерендi ауданының әкiмi болып жұмыс атқарды.

2013-2014 жылдары Ақмола облысы әкiмiнiң құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен автомобиль жолдары мәселелерi жөнiндегi орынбасары қызметiне тағайындалды.

2015-2019жылдары Көкшетау қаласының әкiмi ретiнде қызметiн атқарды.

2019 жылдың 19 наурыздан бастап Ақмола облысының әкiмi.

«Құрмет» орденiмен (2011), «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 10 жыл» (2001), «Ерен еңбегi үшiн» (2004), «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталды. Қазақстан Республикасы туризмнiң құрметтi қызметкерi (2007), Қазақстан Республикасының үздiк кәсiпкерi (2002) атағынаие. Бокс бойынша спорт шеберi.

Өзгелердің жаңалығы