Бүгінде Шымкент қаласының Абдулабад тұрғын алабында "Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС-нің инвестициялық жобасы аясында екі жаңа трансформатор орнатылып, 320 абоненттің электр бағаналары мен желілері жаңартылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осыған дейін Еңбекші ауданының әкімі Д.Есілбек пен Шымкент қалалық маслихатының депутаты Б.Аширбаевтың Қаратөбе аумағының тұрғындарымен кездесуі барысында жарық жүйелерін қалпына келтіруге қатысты талап-тілектер айтылған.
Тұрғындардың шағымы ескеріліп, тиісті шаралар қабылданды. Сонымен қатар,Базарқақпа тұрғын алабында 3 дана,Тұрдыабад тұрғын алабында 1 дана, Бадам-1 тұрғын алабында 2 дана ескі трансформаторлар ауыстырылып, жаңадан орнатылды.
Бұл өз кезегінде тұрғындарды сапалы электр жарығымен қамтамасыз етуге оң әсер етуде.
Халыққа қолайлы жағдай жасау - басты міндеттердің бірі. Алдағы уақыттарда бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жалғасын табатын болады.