Тұрғымбаев 28 медицина қызметкері ұсталғанын хабарлады

6 Тамыз 2021, 16:23
5309
Бөлісу:
Тұрғымбаев 28 медицина қызметкері ұсталғанын хабарлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жалған вакциналау паспорттарына қарсы қандай шаралар қолданылып жатқанын айтты деп хабарлады Polisia.kz. 

Жалған медициналық құжаттарды қолдан жасау схемасы анықталды. Кейбір туроператорлар жалған вакциналау паспорттарын дайындаумен және сатумен айналысқан. Оның үстіне олар теміржол вокзалдарында, әуежайларда және мемлекеттік шекара бекеттерінде сатылып келген, - деді министр.

Тұрғымбаевтың айтуынша, жыл басынан бері 110 қылмыстық іс тіркелген, оның 60-ы ПТР анықтамасын, 50-і вакциналау паспортын қолдан жасауға қатысты.

ПТР анықтамасын және жалған вакциналау паспортын қолдан жасағаны үшін 28 адам, оның ішінде 20 медицина қызметкері (6 дәрігер, 14 медицина қызметкері) және 8 делдал ұсталды.

Сондай-ақ әлеуметтік желілерде жалған вакциналау паспорттары мен ПТР анықтамасы сатылатыны туралы 70 жарнама анықталды, оның 37-сі қазірдің өзінде бұғатталды.

4 қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды. 43 қылмыстық істі тергеу мен сараптамалық зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы