Түрген шатқалында визит-орталық ашылды

13 Шілде 2022, 13:41
2208
Бөлісу:
Түрген шатқалында визит-орталық ашылды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысындағы Түрген шатқалында Turgensai визит-орталығы ашылды. Бұл Іле-Алатау ұлттық паркінің картасындағы екінші сапар орталығы. 

Қазіргі заманғы стандарттар бойынша құрылған орталық облыс туристері мен қонақтарына ұлттық парктің қызметі туралы қажет ақпаратты ұсынады.

Ашылу салтанатына ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев, Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, "QazaqGeography" басқарма төрағасы Орман Нұрбаев және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Соңғы екі-үш жылдың ішінде қаншама үлкен өзгерістер болды. Пандемияға дейінгі уақытпен салыстырсақ туристер саны есе көбейді. Мұны қазақстандықтарыдң қиын кезеңнен шығып, жаңа оймен елдің жаңа өркендеу деңгейіне жетінің көрінісі деуге болады. Бүгінгі ашылып жатқан осындай нысандар халқымыздың игілігіне бағытталатына ешқанадай күмән жоқ. Осыған тікелей атсалысып жатқан азаматтардың бәріне рахмет айтамын, - деді Ералы Тожанов.

Түрген шатқалында визит-орталық ашылды

Премьер-министрдің орынбасары визит-орталықтың тәулігіне 200 адамды қабылдай алатынын, жүз адамға жұмыс орны ашылатынын, сондай-ақ сол маңда тағы бір орталық салынып жатқанын айта кетті.

Басқа да орталықтарда тәулігіне келетін адам саны мыңнан асып отыр. Сондықтан бұл орталықтың болашағы үлкен болатыны сөзсіз. Халқымыздың салты мен дәстүрінде табиғатпен үндесу бұрыннан болатын, соған келе жатырмыз. Мұның бәрі жай ғана туризмді дамыту, адамдарға демалатын орындар ашу ғана емес. Ашығын айтқанда бұл - Жаңа Қазақстанның үлкен болашағы. Туризм дамыса болашақта экономиканың үлкен іргесін қалайтынына еш күмән жоқ, - деді ол.

Түрген шатқалында визит-орталық ашылды

"QazaqGeography" республикалық қоғамдық бірлестігі орталықтың салтанатты ашылуына бастамашылық етті.

Визит-орталықтың негізгі мақсаты - азаматтарды ақпараттандыру, қызмет көрсету. Мұнда тамақтанатын орын бар, әртүрлі іс-шаралар өткізуге болады. Келетін туристерге жоғары деңгейде қызмет көрсетуіміз керек. Электронды карталар әзірленіп жатыр. Барлығы инвесторлардың қаржысына салынды. Негізгі инвестор - Kaspi. Жоба құны 300 миллион теңге. Алда басқа да жоспарлар бар, - деді "QazaqGeography" басқарма төрағасы Орман Нұрбаев.

Түрген шатқалында визит-орталық ашылды

"Turgensai" - келушілердің ұлттық паркпен танысу орны және Іле-Алатау ұлттық паркінің Түрген шатқалының қол тимеген табиғатымен саяхаттаудың бастапқы нүктесі. Орталық Алматыдан 80 шақырым жердегі әсем Түрген шатқалында орналасқан.

Turgensai кешеніне ақпараттық стенд, дәріс залы, кәдесый дүкені, тамақтану орны, қоғамдық дәретхана, ойын алаңы мен террассалар кіреді.

Түрген шатқалында визит-орталық ашылды

Визит-орталықтан биіктігі 30 метр болатын Аюлы сарқырамасына жетуге болады. Жол ұзақтығы - 1,3 км. Түрген шатқалы автожолының бойында пайдалы минералдарға бай суық суы бар бес бұлақ, сондай-ақ жер қойнауынан соғатын ыстық радонды бұлақтар бар.

Сондай-ақ, туристер визит-орталықтан "Қайрақты" сарқырамасына, Шынтүрген мүк шырша ормандарына, Сиверс алмасының табиғи резерватына және басқа да табиғи нысандарға бара алады. Түрген шатқалы Сақ қорғандарымен де танымал, олардың бірінен Алтын адам табылды.

Өзгелердің жаңалығы