Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

7 Шілде 2019, 09:03
1596
Бөлісу:
Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 7 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр және найзағай, жел күшейеді, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік және батыс бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с болып, түнде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Павлодар облысында түнде кей жерлерде найзағай күтіледі, жел 18 м/с күшейеді. Қарағанды облысында кей жерлерде  жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Шығыс Қазақстан облысында таңертең және күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысында түнде кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз жел 18 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, таңертең және күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай күтілуде.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарында, Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде күндіз қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Атырау облыстарында, Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында кей жерлерде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы