Тұран жазығы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік табиғи мұралар тізіміне енді

23 Қыркүйек 2023, 02:35
1209
Бөлісу:
Тұран жазығы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік табиғи мұралар тізіміне енді
Фото: baq.kz

Тұран жазығы Қазақстан, Өзбекстан және Түркіменстан елдеріне тиесілі. Жалпы ауданы 2 млн шаршы шақырымды құрайды. Өзбекстандағы Тұран жазығының трансшекаралық табиғаты ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік табиғи мұралар тізіміне енді, деп деп хабарлайды BAQ.KZ UzA ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Өзбекстанның экология министрлігінің хабарлауынша, бұл нысанды ЮНЕСКО тізіміне қосу мәселесі ел президенттің "Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігінің қызметін тиімді ұйымдастыру шаралары туралы" қаулысында қарастырылған.

Қоңыржай аймақтағы Тұран шөлдері Дүниежүзілік табиғи мұралар тізіміне енгізілген Өзбекстандағы екінші нысан. Аймақтың Өзбекстандағы бөлігі Арал өңірі мен Үстірт үстіртінде орналасқан 2 млн гектардан астам аумақты алып жатқан шекаралас бес бөліктен тұрады: Сайғашы, Сайғашы-Белеулі, Сайғашы-Дуана, Сайғашы-Жидейлі (олардың барлығы Солтүстік Үстірт кластеріне кіреді) және Оңтүстік Үстірттен тұрады, – делінген агенттіктің хабарламасында.

2016 жылы бұл тізімге Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстанның қатысуымен "Батыс Тянь-Шань" нысаны енді.

Тұран шөлдерінің ЮНЕСКО тізіміне енуі бұл аумақтың 1972 жылғы Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау туралы конвенцияның қорғауында болуын талап етеді.

Өзгелердің жаңалығы