Түпқарағанда 100 орындық жатақхана құрылысы басталды – Маңғыстау облысы

29 Маусым 2023, 01:20
524
Бөлісу:
Түпқарағанда 100 орындық жатақхана құрылысы басталды – Маңғыстау облысы
Фото: архив

Түпқараған ауданының орталығы Форт-Шевченко қаласында мұнай компаниясының қаржылық демеушілігімен 100 орындық жатақхана құрылысы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Түпқараған аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Нұртай Мұхан айтты.

Жатақхана құрылысының мердігер мекемесі анықталып, жұмыстарын бастауда. Бұл 100 отбасыға арналған жатақхана екі қабаттан тұрады. Жобада абаттандырудан бөлек, арнайы балалар ойын алаңы да қарастылған, - деді аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Нұртай Мұхан.

Жалпы ауданы 2,6 гектарды қамтитын жатақхана құрылысы аяқталған соң бірнеше маманға уақытша тұруға мүмкіндік туатын болады. Нысанда екі және бір бөлмелі барлығы 100 отбасыға арналған тұрғын үй. Оның 84-і - бір, 16-сы екі бөлмелі болып белгіленген.

Өзгелердің жаңалығы