Түнгі Қарағанды. Кеншілер қаласы Наурызда қалай түрленді

21 Наурыз 2024, 16:29
525
Бөлісу:
Түнгі Қарағанды. Кеншілер қаласы Наурызда қалай түрленді
PHOTO
Фото: автордан

Қарағанды Наурыз мерекесіне орай ерекше түрленіп, әдемілене түсті. Назарларыңызға кеншілер қаласының басты көшелерінен суреттер ұсынамыз, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Қарағандыда Ұлыстың ұлы күніне орай ірілі-ұсақты 900-ге тарта безендіру элементтері орнатылды. Мерекелік безендірулер қаланың Қазыбек би және Әлихан Бөкейхан аудандарының басты көшелері мен алаңдарында бой көтеріп, қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлауда.

Түнгі Қарағанды. Кеншілер қаласы Наурызда қалай түрленді
Түнгі Қарағанды. Кеншілер қаласы Наурызда қалай түрленді
Түнгі Қарағанды. Кеншілер қаласы Наурызда қалай түрленді

Көктем мерекесі Наурыз келіп қалды. Биыл қала көшелері ерекше әдемілене түскендей, көз тояды. Мерекелік безендірулер күн жылынғанша тұрса деген тілегіміз бар. Отбасыма, балаларыма осы әдемілікті көрсетіп, түнгі қалада серуендегіміз келеді. Қазіргі ауа-райы мұндай мүмкіндік бермей тұр, - дейді қала тұрғыны Сая Жарылғапова.

Түнгі Қарағанды. Кеншілер қаласы Наурызда қалай түрленді
Түнгі Қарағанды. Кеншілер қаласы Наурызда қалай түрленді
Түнгі Қарағанды. Кеншілер қаласы Наурызда қалай түрленді

Қала әкімдігінің мәліметінше, Наурыз мейрамының тұжырымдамасы бойынша қаланың орталық көшелерінде, саябақтарда, басты жолдардың бойында, мәдениет үйлерінің алаңдарында 890 безендіру элементтері пайда болды.

Тәуелсіздік, Каскад, Достық үйінің және вокзалдың алдындағы алаңдарда, Сәкен Сейфуллин атындағы театрдың алдында, Кеншілер мәдениет сарайының, Қасым Аманжолов ескерткішінің, Сүйінші монументінің, Тутұғырдың жанында, Құрылысшылар даңғылының бойында мерекелік безендірулер жасалды. Қаланың саябақтары мен демалыс аймақтары да мерекеге орай безендірілді, - дейді қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Әсел Сәдуақасова.

Түнгі Қарағанды. Кеншілер қаласы Наурызда қалай түрленді
Түнгі Қарағанды. Кеншілер қаласы Наурызда қалай түрленді

Қала бойынша Наурыз мейрамына тақырыптық баннерлер, жарықтандыру бағандары, тулар мен жалаулар, жарықдиодты баннерлер орнатылып, LED экрандарда құттықтаулар берілуде.

Өзгелердің жаңалығы