Түнгі 2-ге дейін жұмыс істейді. Цой қандай шектеулер алынып тасталғанын айтты

4 Мамыр 2021, 10:43
2327
Бөлісу:
Түнгі 2-ге дейін жұмыс істейді. Цой қандай шектеулер алынып тасталғанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой әлеуметтік-экономикалық нысандарға қатысты қандай шектеулер алынып тасталғанын айтты.

Министрлік жұмыс уақытындағы шектеулерді алып тастау тұрғысынан әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмысын шектеу өлшемдерін қайта қарады. Ашық аспан астында жұмыс істейтін объектілерге, спорттық іс-шараларды өткізуге, спорттық ұйымдардың қызметіне жеңілдіктер берілді. Критерийлерге жаңа нысандарды енгізіп, олардың жұмыс істеу тәртібін анықтады, - деді министр.

Оның айтуынша, «қызыл» аймақтағы супермаркет, гипермаркеттерге қатысты шектеулер алынып тасталды және ашық базарларға жексенбіде жұмыс істеуге рұқсат етілді. 

«Қызыл» және «сары» аймақтардағы діни нысандардың қызметіне жабық үй-жайда ұжымдық іс-шаралар өткізбей, ашық ауада қызмет көрсетуіне рұқсат берілді.

«Жасыл» аймақтағы мейрамханалар, дәмханаларға, кофеханалар секілді қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс уақыты таңертеңгі сағат 7-ден түнгі 2-ге дейін ұзартылды. Бірақ келушілер саны 50 пайыздан аспауы тиіс. Ал компьютерлік клубтар мен боулинг алаңдары да 30 пайызға дейін адам жинап, қызметтерін жалғастыра алады. 

«Сары» аймақтағылар 15 пайызға дейін көрермен жинап, спорттық іс-шараларды өткізуіне болады.

«Қызыл» аймақтағы жазғы алаңдарға 9:00-ден 20:00-ге дейін 50 пайыз толымдылықпен, «сары» аймақта 07:00-ден 24:00-ге дейін 50 пайыз толымдылықпен, «жасыл» аймақта 07:00-ден 02:00-ге дейін 50 пайыз толымдылықпен жұмыс істеуге рұқсат берілді. Сонымен қатар, «қызыл» аймақтағы асхана үлгісіндегі қоғамдық тамақтану нысандары 24:00-ге дейін, «сары» және «жасыл» аймақтарда тәулік бойы жұмыс істей алады, - деді Алексей Цой.
Еске салсақ, отырыс барысында Мамин Балаеваға вакцинация бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту жөнінде тапсырма берді.
Өзгелердің жаңалығы