Мамин Балаеваға тапсырма берді. Түсіндіру жұмыстарын күшейту керек

4 Мамыр 2021, 10:38
1901
Бөлісу:
Мамин Балаеваға тапсырма берді. Түсіндіру жұмыстарын күшейту керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваға тапсырма берді. 

Ол елдегі вакцинациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмысты халыққа түсіндіруді күшейту керек деп санайды.

Ақпарат министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен, әкімдіктермен бірлесіп, вакцинациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс, Қазақстанда қолданылатын вакциналардың бәрінің қауіпсіздігі, вакцинаны таңдау мүмкіндігі мен шектеу шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын кеңейтсін, - деді Мамин.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі әкімдіктермен бірге көшпелі вакцинациялау пункттерін кеңінен қолданып, ауыл тұрғындарын барынша көп вакцинациялауды қамтамасыз ету қажеттігін айтты.

Одан бөлек, әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмысын шектеудің жаңа критерийлерін енгізуді, вакцина алғандар үшін жеңілдіктер беруді бақылауда ұстау керек. Бұл әсіресе қызмет көрсету саласында бизнесті жандандыруға мүмкіндік береді, - деді ол.
Айта кетейік, Цой вакцина алғандардан ПТР-тест талап етілмейтінін мәлімдеді.



Өзгелердің жаңалығы