Түнде бірнеше қалада көліктер өртенді

13 Сәуір 2024, 07:50
13647
Бөлісу:
Түнде бірнеше қалада көліктер өртенді
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Өскемен қаласында және Ақтөбе облысында жеңіл автокөліктердің жануы орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.

Сондай-ақ Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар Самара-Шымкент автожолында тіркемесі бар жүк көлігінің жануы орын алды.

Барлық жағдайда өрт ТЖД күштерімен жойылды, зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ автомобиль көлігінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салады

Өзгелердің жаңалығы