Цифрлық құжаттар сервисін енгізу мәселені шешеді – министр

18 Наурыз 2020, 11:33
1264
Бөлісу:
Цифрлық құжаттар сервисін енгізу мәселені шешеді – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі Асқар Жұмағалиев жаңа заң жобасын таныстырды.

Бұл заң жобасы "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне цифрлық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" деп аталады. Депуттаттар бірінші оқылымда мақұлдады.

Елбасының бастамасымен "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарлама 2 жыл ішінде елімізді цифрландырудың драйверіне айналды. Осыған орай, заң жобасы цифрландыру процесін одан әрі жылдамдатуға үлкен серпін береді. Құжат, ең алдымен, цифрлық технологияларды дамытуға, оларды қолданумен байланысты қатынастарды реттеуге бағытталған. Мемлекет басшысы цифрландыру жөніндегі отырыста барлық құжат айналымын электрондық форматқа көшіру туралы тапсырма берген болатын. Бұл мәселені шешу тәсілдерінің бірі - цифрлық құжаттар сервисін енгізу, - деді Асқар Жұмағалиев.

Оның айтуынша, аталған сервис "Мобильді үкімет" қосымшасында көрсетіледі. Азаматтарға қағаз түріндегі құжатты ұсынбай-ақ қызмет алуға мүмкіндік береді. 

Осыған байланысты, Цифрлық құжаттар сервисін заңнамалық түрде айқындау ұсынылады. Екіншіден, цифрландыру нәтижесінде талдауды қажет ететін үлкен деректер қоры қалыптасты. Осыған байланысты, заң жобасымен "Үлкен деректерді" талдау тетігін реттеу ұсынылады. Осы тетікті енгізу Smart Data Ukimet жобасы негізінде экономикалық көрсеткіштерді талдау арқылы тиімді үкімет шешімдерін қабылдауға мүмкіндік береді, - деді деді министр. 

Яғни, 2018-2019 жылдары Smart Data Ukimet жобасы аясында қаржы, білім беру, әлеуметтік және денсаулық сақтау салаларында 187 млрд теңге шамасында экономикалық әсер берген. 

Атап айтсам, қаржы саласында қосымша түсімдер, денсаулық сақтауда дәрілік заттарды оңтайлы бөлу арқылы болды. Осындай нақты мысалдар білім беру, әлеуметтік салаларда да экономикалық әсерін көрсетті. Біз бұл жұмысты басқа да мемлекеттік органдармен жалғастыратын боламыз. Үшіншіден, цифрлық технологияларды енгізу - азаматтардың дербес деректерін қорғауды талап етеді. Осы орайда дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органды анықтау ұсынылады. Осы деректерді қорғау сервисін енгізу қажет деп санаймыз. Сервис азаматтарды оның деректерімен жасалатын іс-әрекеттер туралы хабардар етуге мүмкіндік береді. Одан бөлек, осы саладағы жаңа сақтандыру түрі ретінде "Ерікті киберсақтандыру" қызметі енгізіледі, - дейді Асқар Жұмағалиев.
Өзгелердің жаңалығы