«Цифрлық дәуірдегі баспасөз қызметі» кітабының тұсаукесері өтті

3 Сәуір 2023, 10:52
899
Бөлісу:
«Цифрлық дәуірдегі баспасөз қызметі» кітабының тұсаукесері өтті
PHOTO
Фото: Арман Мухатов

Астанада сарапшы, журналист, қоғаммен байланыс және коммуникация саласының маманы Маргерит Хокси Салливанның қазақ тіліне аударылған «Цифрлық дәуірдегі баспасөз қызметі» кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

АҚШ-тан келген Маргерит Хокси баспаөз хатшыларына арналған кітабын таныстырды.

«Цифрлық дәуірдегі баспасөз қызметі» кітабының тұсаукесері өтті

Мен осыған дейін екі кітап жаздым. Ол кезде әлеуметтік желі кеңінен таралмаған уақыт. Қазір желі қолжетімді, болып, қарқынды дамуының арқасында ашықтық деген принціп пайда болды. Еуропада жүрген кезімде де біраз тәжірибе жинақтадым. Журналистерге арналған оқу-құралдары бар. Бірақ баспасөз хатшыларына арналғаны өте аз екен. Өзім де біраз тренингтер өткіздім. Соны ескере отырып, жинаған тәжірибенің арқасында тұтастай бір кітап шығардым. Алдағы уақытта үшінші кітапты жазу да жоспарымда бар. Мүмкін оны онлайн жариялайтын шығармын. Өйткені қазір кітап оқу онлайнда қолжетімді,- дейді Маргерит Хокси.

«Цифрлық дәуірдегі баспасөз қызметі» кітабының тұсаукесері өтті
«Цифрлық дәуірдегі баспасөз қызметі» кітабының тұсаукесері өтті


Маргерит Хокси Салливан Смитсон институтында дәріс оқып, Харвард университетінің Джон Ф. Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебінің саясат институтында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген.

«Цифрлық дәуірдегі баспасөз қызметі» кітабының тұсаукесері өтті
«Цифрлық дәуірдегі баспасөз қызметі» кітабының тұсаукесері өтті

Қазіргі уақытта 30 тілге аударылған кітап 10 жыл бұрын жазылған.

Кітаптың тұсаукесер рәсімін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Қазақстандық қоғамдық даму институтының «MediaLab» орталығы, АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі және «MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY» ұйымдастырған.

«Цифрлық дәуірдегі баспасөз қызметі» кітабының тұсаукесері өтті

Шараға АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің өкілдері, ғылыми қоғамдастық және медиа саласының мамандары мен баспасөз хатшылары қатысты.

Айта кету керек, елордада кітап авторының қатысуымен 4-5 сәуір күндері баспасөз хатшыларына арналған семинар-тренигтер өтеді.

Өзгелердің жаңалығы