Цифрландыру еліміздегі реформаларға әсер етті - министр

29 Желтоқсан 2023, 20:50
534
Бөлісу:
Цифрландыру еліміздегі реформаларға әсер етті - министр
Фото: ЦДИАӨМ баспасөз қызметі

Цифрлық даму министрлігі цифрлық трансформация басшылары жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін ЦДИАӨМ алаңында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің қатысуымен 2023 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша барлық ведомстволардың цифрландыру жөніндегі вице-министрлерінің отырысы өтті.

Салаларды цифрлық трансформациялау және инновациялық экономиканы дамыту жаhaндық бәсекеге қабілеттілікке жетудің ажырамас құрамдас бөлігі.

Қазіргі уақытта 14 ведомстводацифрлық вице-министрлер (CDTO) тағайындалды,олардың басымдықтары мемлекеттік органдардың цифрлық трансформациясының салалық стратегияларын әзірлеу және іске асыру, тиімді ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету және мемлекеттік органдар мен жетекшілік ететін салалардағы түбегейлі өзгерістерді көздейтін жаңа идеяларды іске асыру үшін ресурстарды тарту болып саналады.

Цифрлық даму министрлігінің басшысы Бағдат Мусин әріптестеріне атқарылған жұмыстар үшін алғыс білдіріп, цифрландырудың мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында ғана емес, кәсіпкерлік қызметте де маңыздылығын атапөтті.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының орынбасарларының цифрлық көрсеткіші бекітілді. Бекітілген KPI 17 салаға және 15 мемлекеттік органға бөлінген 120 көрсеткіштен тұрады. Бүгін біз қорытынды рейтинг пен KPI көрсеткіштерінің 80%-дан асқанын көріп отырмыз. Цифрлық трансформация экономиканың барлық секторлары үшін маңызды және біз цифрландыру еліміздегі реформаларға әсер еткенін қалаймыз,- деп атап өтті Бағдат Мусин.

Сондай-ақ министрлік алаңында вице-министрлер өз саласындағы жобалары мен IT шешімдерін таныстырып, алдағы жылға арналған жоспарларымен бөлісті.

Мәселен, биыл Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік сала қызметкерлеріне зейнетақы төлемдерін проактивті тағайындау бойынша пилоттық жобаны іске қосты. Денсаулық сақтау министрлігі eDensaulyq сервисін жасады, ол азаматтардың медициналық ұйымдардан деректер бойынша ақпарат алуға өтініштерінің санын азайтуға ықпал етеді.

Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі, орта білім, техникалық және кәсіби білім беруде жан басына шаққандағы қаржыландыруды цифрландыру, Цифрлық мұғалім және т.б. жобаларды жүзеге асырды. Балалардың білімі мен колледж дәрежесі туралы деректер eGov mobile қосымшасында «Цифрлық құжаттар» арқылы алынды.

Ішкі істер министрлігі Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп еліміздегі 7833 мектепте бейнебақылау орнатты, бұл шамамен 190 мың камераны құрайды. Ішкі істер министрлігі де киберқылмыспен күресуде белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Бүгінгі күні 43 млн қоңырау шалу әрекеті бұғатталды. Бүгінгі таңда тұрғылықты жері бойынша тіркеу, тұрғылықты жері бойынша есептен шығару, жүргізуші куәлігі, тіркеу мекен-жайын растау, көлік құралын тіркеу, шетелдіктерге ЖСН беру, шетелдіктерге уақытша тұруға ықтиярхат беру, тұрақты және уақытша тұру сияқты қызметтер көрсетілді, сондай-ақ көлікті қайта жабдықтау құралдары смартфондарда қолжетімді.

Қазір Ғылым және жоғары білім министрлігі білім гранттарын тағайындаған кезде PUSH хабарламаларын іске қосты. Сондай-ақ бүгінгі таңда Qaztest тестілеу нәтижелерінің цифрлық сертификаты (8627 берілді), шетелдік дипломды тану туралы цифрлық сертификаты (18 мың берілді), дипломның цифрлық сертификаты (3 457 867 берілді) сынды цифрлық құжаттар түпнұсқа құжаттарға теңестірілді.

Қорғаныс министрлігі 17 жастан бастап онлайн тіркеуді, ел ішінде көші-қон кезінде автоматты тіркеу/әскери есепке алуды, студенттерді, мүгедектерді және соттылығы бар азаматтарды әскерге шақыруды кейінге қалдыруды автоматты түрге көшірді, бұл бюджет қаражатын үнемдейді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады және жергілікті әскери басқару органдары қызметкерлерінің уақытын үнемдейді.

Әділет министрлігі E-saraptama, Цифрлық нотариат, меншік иелерінің бірлестігін цифрландыру сияқты жобаларымен ерекшеленді. Egov mobile мобильді қосымшасындағы «Цифрлық нотариат» сервисі арқылы әлемнің кез келген нүктесінен нотариаттық қызмет алуға болады, іске қосылған сәттен бастап 30 мыңнан астам сенімхат шағымсыз алынды.

Өзгелердің жаңалығы