Трамп Иранға қатысты экономикалық саясаттың жаңа кезеңін жариялады

АҚШ президенті Иранға экономикалық қолдау көрсететін үшінші елдерге де салдары болуы мүмкін екенін ескертті.

 Evan Vucci/Reuters 20 Тамыз 2026, 07:49
20 Тамыз 2026, 07:49
164
Фото: Evan Vucci/Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы экономикалық қысымды күрт күшейтіп, елді бұрын-соңды болмаған деңгейде экономикалық оқшаулауға бағытталған жаңа науқан басталатынын мәлімдеді, деп хабарлады ТАСС агенттігі.

Трамптың айтуынша, Иранға келісімге келу үшін бірнеше мүмкіндік берілген, алайда Тегеран оны пайдалана алмаған.

«Иран Ислам Республикасына келісім жасасуға менен артық ешкім мүмкіндік берген жоқ. Сондықтан бүгін кез келген елге қарсы бұрын-соңды жүргізілген ең қатаң экономикалық операцияны жариялаймын. Бұл – бұрын-соңды болмаған ауқымдағы экономикалық соғыс пен оқшаулау», – деді Трамп.

АҚШ президенті Иранға экономикалық қолдау көрсететін үшінші елдерге де салдары болуы мүмкін екенін ескертті. Оның мәлімдемесіне сәйкес, Вашингтон Иранға қаржылық немесе коммерциялық тұрғыдан көмектесетін елдерге экономикалық шаралар қолдануға дайын.

Трамп Иранға көмектесудің ықтимал арналары ретінде мұнайды жасырын тасымалдау, қаржылық операциялар, қолма-қол ақша аударымдары, айырбастау пункттері, кеме тіркеу жүйелері мен делдал компанияларды атады. АҚШ әкімшілігі осы бағыттардағы операцияларды тоқтатуды көздеп отыр.

Жаңа мәлімдеме Вашингтон мен Тегеран арасындағы келіссөздер тығырыққа тіреліп, Иранға экономикалық қысым күшейіп жатқан тұста жасалды.

Наверх