АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі Конгреске 2025 жылға арналған федералды бюджетті 140 миллиард долларға қысқартуды ұсынды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,6%-ға төмен. Бұл туралы АҚШ бюджеттік құжаттарынан белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Құжатқа сәйкес, Трамп әкімшілігі жалпы сомасы 1,69 триллион доллар көлемінде шығындарды бекітуді сұрап отыр. Бұл 139,9 миллиард долларға немесе ағымдағы жылдың жоспарлы шығындарынан 7,6%-ға аз.
Бюджет қысқартуы аясында бұрынғы президент Джо Байденнің бастамасымен қолға алынған инфрақұрылымдық жобаларға бөлінетін 20 миллион долларлық қаржы да шегерілмек. Сонымен қатар, "шұғыл қажеттіліктерге" арналған қаражат қарастырылмаған. Айта кетейік, өткен жылы мұндай мақсаттарға 117 миллион доллар бөлінген болатын.
Трамп бұған дейін де мемлекеттік шығындарды қысқартуға ниетті екенін мәлімдеген. Бұл мақсатта жаппай қызметкерлерді қысқарту және кейбір федералды ведомстволарды жабу жоспарлары ұсынылған.