АҚШ-тағы президент сайлауы: Трамп «қарсы талап қоямын» деп сес көрсетті

16 Қараша 2020, 11:35
1703
Бөлісу:
АҚШ-тағы президент сайлауы: Трамп «қарсы талап қоямын» деп сес көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ президенті Дональд Трамп өткен президенттік сайлаудың конституциялық емес сипатын көрсетуге арналған «үлкен сот ісін» бастаймын деп мәлімдеді.

Ел бойынша өтіп жатқан көптеген сот ісі бізден емес, сайлау кезінде заңбұзушылықты көрген адамдардан түскен. Біздің тарапымыздан 2020 жылғы сайлаудағы конституцияға қайшы келетін ірі сот процестері және олардың нәтижелерін өзгерту үшін жасалған әрекеттерге наразылық жақын арада сотта болады, - деп жазды америкалық лидер Twitter-де. 

АҚШ-тағы президент сайлауы 3 қарашада өтті, бірақ жеңімпаз әлі ресми түрде жарияланған жоқ. Кейбір штаттарда дауыс санау әлі де жалғасуда. Америкалық БАҚ жеңісті Джо Байденге береді, ал Fox News-тің хабарлауынша, ол 290 сайлаушы дауысын жинап жатыр, Трамп - 232. 

Байденнің өзі сайлауда жеңгенін жариялап үлгерді. Оны көптеген мемлекет басшылары құттықтады. 

Трамп сайлау әлі аяқталған жоқ деп мәлімдеп,  сотта жеңісті қорғауға ниетті. Алайда ол Ақ үйде екінші мерзімге қалмауы мүмкін екенін мойындады.

Өзгелердің жаңалығы